«Жеңіске темірдей тәртіптің, алаңдағы барымызды салудың және ұйымшыл командалық жұмыстың арқасында қол жеткіздік. Алдыңғы ойыннан (1:3) кейін деңгейімізді көтеру керек екенін түсіндік және оны алаңда көрсетуге тырыстық.
Бұл жолғы дайындығымыз ерекше болды, өйткені өткен жолы бапкеріміз біздің өнерімізге көңілі толмаған еді. Ол қателіктерімізге назар аудартып, айтқан сөздері бізге қосымша мотивация берді. Біз тиісті қорытынды шығарып, жауапты іспен көрсеттік», – деді Горшунов.
Еске сала кетейік, ҚПЛ-дың 16-турындағы матчта «Алтай» 33 жастағы шабуылшы Элгуджа Лобжанидзенің голының арқасында «Тобылды» қапы қалдырды. Айта кетейік, 2021 жылы грузиялық форвард қостанайлық клубтың намысын қорғап, сегіз нәтижелі іс-әрекетімен көзге түскен болатын.
Сондай-ақ өткен ойынның қорытындысы бойынша өскемендіктердің бас бапкері Вахид Масудовқа «беделге нұқсан келтіретін мәлімдемелері» үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынған еді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.