Жақын матчтар
Дидар Сыдықбек «Тараздағы» жұмысын жалғастырады: клубқа жаңа бас бапкер тағайындалды
«Тараздың» директоры Дидар Сыдықбек жамбылдық клубтағы жұмысын жалғастырады.
«Қызметімнен кетуім жайлы ақпараттар шындыққа жанаспайды. Мұндай жаңалықты кім таратып жүргенін және кімге тиімді екенін білмедім», – деді функционер.
«Тараз» клубы бүгін бас бапкер Руслан Эсатов пен оның көмекшісі болған Александр Кучманың қызметінен кеткенін хабарлады.
Енді клубты осы уақытқа дейін «Тараз» жастар командасының бас бапкері болған Азиз Анарметов жаттықтырады.
Жамбылдық ұжым 11 турдан кейін 16 ұпаймен бірінші лиганың турнирлік кестесінде жетінші орынға табан тіреді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ