«Атанасов – ұлттық құрама намысын қорғайтын жақсы, дарынды ойыншы. Негізгі құрамда әрдайым шыға бермеуі мүмкін, бірақ менің соңғы екі-үш жылда көргенімнен – тірек жартылай қорғаушысы ретінде өзін өте жақсы көрсете біледі. Ол «Ақтөбені» күшейтуі тиіс мінезді жігіт.
Янидің Жуковпен қайта қосылғаны үлкен плюс болды. Басқа елге келіп, бұрын бірге ойнаған серігіңді кездестірсең, бұл бейімделуге көмектеседі. Қазір оған бабын жақсартып, Тарковичтің талаптарын түсіну үшін тура бір-екі ай уақыт керек», – деді 47 жастағы маман.
Еске сала кетейік, осы жазда «Ақтөбе» 26 жастағы Яни Атанасовпен келісімшартқа отырған болатын. Македониялық жартылай қорғаушы «Астанаға» қарсы дебюттік матчында (2:0) нәтижелі паспен көзге түсті. Бұған дейін ол грекиялық АЕЛ клубында өнер көрсеткен.
2025 жылы «ақ-қызылдардың» футболшысы польшалық «Пуща» сапында Георгий Жуковпен бірге сегіз кездесу өткізген. Сондай-ақ, әлем чемпионатының іріктеуінде Қазақстан құрамасына қарсы ойнаған (1:0).
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.