«Басты себеп – ыстық ауа райы, бірақ біз сондай-ақ түсінуіміз керек: әлем чемпионаты сияқты жарыста, ол 39 күнге созылады, командалар осы 39 күн ішінде сегіз матч өткізуі мүмкін, демалуға мүмкіндік беру өте маңызды. Біз үшін одан да маңыздысы – барлық командалар әр матчта бірдей жағдайда ойнауы тиіс.
Және де, тренер матчтың барысына әсер ете алады, тек ауа райы ыстық болғандықтан кейбір өзгерістер енгізеді, ал басқа матчта, температура сәл төмен болғанда, сол тренерде ондай мүмкіндік болмайды – бұл әділетсіздік. Біз барлық қатысушыларға тең жағдай жасағымыз келеді, сондықтан да бұл үзілістер әр матчта енгізілді», – дейді Инфантиноның сөзін ФИФА ресми сайты келтіреді.
Оның айтуынша, ФИФА бұл үзілістерден қосымша кіріс алмайды, өйткені барлық коммерциялық келісімшарттар алдын ала жасалған.
«Сондықтан бұл біз үшін қаржылық мәселе емес. Бұл – таза спорттық мақсат. Ойыншылар соңғы секундтарға дейін шабуылдап, белсенді ойнайды. Мүмкін, иә, мүмкін, жоқ, бірақ бұл шағын үзілістің арқасында ойыншылар тынығып, алаңға оралып, өз мүмкіндігін толық көрсете алады», – деп түйіндеді ол.
Үзілістер 22-ші және 67-ші минуттарда өтеді және үш минутқа созылады, бұл уақыт әр таймның соңында қосымша минуттарға қосылады – бұл жүйе әлем чемпионатында алғаш рет қолданылып отыр.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.