«Қостанайда «Паневежиске» қиын болады»: Литва құрамасының экс-ойыншысы – «Тобылдың» КЛ-дағы ойыны туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
24.06.26, 08:00
Литва құрамасының және талдықорғандық «Жетісудың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Мантас Куклис ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қостанайлық «Тобыл» мен литвалық «Паневежис» арасындағы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі текетірес туралы ойымен бөлісті.
«Қостанайда «Паневежиске» қиын болады»: Литва құрамасының экс-ойыншысы – «Тобылдың» КЛ-дағы ойыны туралы
Фото: ашық дереккөзден

Командалардың мүмкіндігі мен Қостанайдағы атмосфера туралы

«Меніңше, екі матч та өте қызықты өтеді. Бұл жұптың ішінде айқын басымдықпен бір саты жоғары тұрған команда жоқ деп есептеймін. Барлығы командалардың сырт алаңдағы ойынға қаншалықты тез бейімделе алатынына және ол жақта қандай нәтижеге қол жеткізетініне байланысты болады.
Әрине, қос клуб та өз алаңында өтетін кездесулерде артықшылыққа ие болады, өйткені оларға ұзақ жол жүрудің қажеті болмайды. Және де, сөзсіз, өз жанкүйерлерінің қолдауы үлкен рөл атқарады. Мен Қостанайда ойнаудың қаншалықты қиын екенін жақсы білемін – «Тобылдың» жанкүйерлері керемет қолдау көрсетеді».

Ойын стилі мен чемпионаттарды салыстыру

«Қазіргі уақытта маған екі лиганы салыстыру қиын, өйткені мен Қазақстан чемпионатының матчтарын бұрынғыдай жіті бақылап жүрген жоқпын. Әрине, нәтижелерді қарап тұрамын, әсіресе өзім ойнаған «Жетісу» мен отандасым Кипрас Кажуколовас өнер көрсетіп жүрген «Астананың» ойындарын назардан тыс қалдырмаймын. Бірақ дәл қазір ҚПЛ мен Литва чемпионатының деңгейін егжей-тегжейлі салыстыра алмаймын.
Егер қазіргі А Лигасы туралы айтатын болсақ, мұнда футбол негізінен қарапайым стильге негізделген – ұзын пастар өте көп және алаңның әр бөлігінде жекелей дуэльдер жиі болып тұрады», – деді Куклис.

«Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Паневежиске» қарсы ойнайды. Командалардың алғашқы кездесуі 23 шілдеге жоспарланған және Литвада өтеді, ал қарымта матч бір аптадан кейін Қазақстанда өтеді.

Мантас Куклис 2018-2019 жылдар аралығында ҚПЛ-да «Жетісу» сапында 55 матч өткізіп, жеті гол соқты және жеті нәтижелі пас берді. Бүгінгі таңда 39 жастағы маман Литва жоғарғы дивизионындағы «Шяуляй» клубын жаттықтырады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

24.06.26, 08:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
34
2
Қайрат
33
3
Оқжетпес
27
4
Ұлытау
23
5
Ақтөбе
22
6
Астана
22
7
Елімай
20
8
Атырау
18
9
Жеңіс
17
10
Жетісу
15
11
Қызылжар
15
12
Қайсар
14
13
Тобыл
12
14
Ертіс
10
15
Алтай
10
16
Каспий Ақтау
8