Marca басылымының мәліметінше, «корольдік клубтың» басшылығы «Баварияның» вингері Майкл Олисе үшін ресми ұсыныс жасауды шындап қарастырып отыр. Бұл трансфердің құны 220 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін.
«Сливочныйлардың» президенті Флорентино Перес француз жартылай қорғаушысын оң қапталды күшейтудің мінсіз нұсқасы деп санайды. Бұған дейін «Бавария» өз жұлдызын ешқандай жағдайда босатудан бас тартқан болатын, алайда 220 миллион еуродағы астрономиялық баға неміс алыбын келіссөздер үстеліне отыруға итермелеуі мүмкін.
Айта кетейік, осы маусымда француз вингері мюнхендік клуб сапында 52 матч өткізіп, 22 гол соғып, 31 нәтижелі пас берген. Transfermarkt ойыншының бағасын 150 миллион еуро деп бағалап отыр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.