Ағылшын клубының скауттық қызметі дебюттік маусымында-ақ өзін жарқын қырынан көрсеткен «Ақтөбе» түлегінің ойындарын жіті бақылауда. Дереккөздің мәліметінше, талдаушылар жас форвардтың физикалық мәліметтері мен нәтижелілігіне жоғары баға берген.
Айта кетейік, бұл әзірге болашағынан үміт күттіретін футболшылардың кеңейтілген тізіміне ену ғана. Осыған ұқсас жағдайда АПЛ-дың жаңадан қосылған командасы «Ковентри Сити» «Қайраттың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Азамат Тұяқбаевтың өнерін бағып отыр.
Артта қалған маусымды «Кристал Пэлас» жарыс кестесінде 15-ші орынмен аяқтады. Сонымен қатар «бүркіттер» Конференция лигасы мен Англия Суперкубогын жеңіп алған болатын. Команданың құрамы 553 миллион еуроға бағаланады.
Виталий Латурнус осы маусымда барлық жарыста 14 матчқа қатысып, төрт гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.