Эйндховендіктер 18 жасар талантты ойыншы үшін таласқа қосылды, оған дейін еуропалық тағы бір клуб үміткер болған еді.
ПСВ тарапынан нақты қызығушылық пайда болғанға дейін, жас қазақстандық футболшының трансфері бойынша бельгиялық «Брюгге» клубы келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болған.
Еске сала кетейік, 6 маусым күні Ереванда Мақсат Абраев Арменияға қарсы жолдастық кездесуде (1:1) Қазақстан құрамасы сапында дебют жасаған болатын. Сондай-ақ вингер Венгриямен болған ойынға да (1:3) қатысты.
Ағымдағы маусымда Абраев «Астана» сапында барлық турнирлерде 14 матч өткізіп, екі гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.