Украиналық маман Грузияға қайта оралды. Ол бұған дейін «Дила» және «Динамо Батуми» клубтарын жаттықтырған. Енді оның жаңа командасы Чемпиондар лигасының жолдамасы үшін таласады. Бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы — Эстонияның «Флора» клубы.
Андрей Демченко Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралуы да мүмкін еді. Соңғы айларда оған «Қайсар», «Ертіс» және «Тобыл» клубтары қызығушылық танытқан болатын.
2025 жылы 49 жастағы маман «Жеңіс» тізгінінде 17 матч өткізіп, 8-де жеңіске жетті. Елордалық клуб сол маусымда «Елімай» (2:1), «Ақтөбе» (2:0) және «Астана» (3:2) секілді азулы қарсыластарын ұтты.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.