Айта кетейік, елордалық клуб іріктеу кезеңін албандық «Динамо Сити» командасына қарсы ойындардан бастайды. Алғашқы кездесу Албанияда өтеді, қарымта ойын – «Астана Аренада». Бірінші іріктеу кезеңінің матчтары 9 шілде (бірінші ойын) және 16 шілде (қарымта ойын) күндері өтеді.
«Бізге өте мықты қарсылас түсті. «Динамо Сити» – Албаниядағы белгілі клубтардың бірі, жақсы дәстүрі мен бай тарихы бар. Өткен маусымда команда Албания кубогын жеңіп алды, құрамында көптеген легионерлер мен тәжірибелі ойыншылар бар. Команданы білікті бапкер басқарады, ол кісімен біз бұған дейін «Балкани» командасына қарсы ойнағанда кездескенбіз. Оның командалары әрдайым жақсы ұйымдастырылған және тактикалық тұрғыдан мықты. Біз қарсыласымызға құрметпен қараймыз әрі бұл кезеңде жеңіл матч болмайтынын жақсы түсінеміз», – деді Григорий Бабаян.
«Астана» үшін кесте мен Албанияға ұшу да оңай сынақ болайын деп тұр.
«Қазақстан чемпионатының матчын өткізгеннен кейін бізге дерлік бір тәулік бойы Албанияға тұрақты рейстермен жетуге тура келеді, кейін қайтып келеміз, ал екі күннен соң қайтадан чемпионат ойынын өткіземіз, одан кейін бірден еурокубоктың қарымта кездесуіне шығамыз. Соңғы екі жылда біз осындай тығыз кестеге тап болдық, бірақ ол кезде құрамымыз кеңірек еді, ротация арқылы бұл қиындықты өтей алдық. Қазір жағдай басқаша. Қаржылық қиындықтарға байланысты шамамен сегіз ойыншы командадан кетті, нәтижесінде құрам тереңдігі едәуір қысқарды. Қазір бізге жас ойыншыларды шақыруға тура келіп отыр. Олардың көбі мұндай деңгейге әлі дайын емес, бірақ жағдай мен футболшы тапшылығы осы процесті жылдамдатуды талап етеді», – деп толықтырды «Астана» бапкері.
Бапкер командада қаржылық қиындықтарды шешуі тиіс жаңа инвесторды күтіп отырғанын айтты.
«Конференциялар лигасының басталуына әлі уақыт бар, екі-үш позицияны күшейткіміз келеді. Дегенмен, кез-келген жаңа ойыншыға бейімделу мен бабына келу үшін уақыт керек, ал бізде ол уақыт жоқтың қасы. Қиындықтарға қарамастан, біз Қазақстанды еурокубокта лайықты таныстыру үшін бар күшімізді саламыз. Команда жанкүйерлерімізді қуантуға тырысады, олар бізге осы күрделі кезеңде қолдау көрсетіп жатыр», – деп қорытындылады Григорий Бабаян
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.