Литва құрамасының экс-көшбасшысы «Тобылдың» қарсыласы туралы: «Паневежистің» жағдайы қиын

Автор
Fonteam редактор
Автор
18.06.26, 04:00
«Тобыл» мен Литва құрамасының бұрынғы қорғаушысы Арунас Климавичюс ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Конференция лигасы аясындағы «Паневежиске» қарсы матч туралы өз болжамымен бөлісті.
Литва құрамасының экс-көшбасшысы «Тобылдың» қарсыласы туралы: «Паневежистің» жағдайы қиын
Сурет: ашық дереккөздерден

«Паневежис – менің туған қалам, сондықтан бұл клубты жақсы білемін. «Тобылдың» қазір оңай кезеңді бастан өткермей жатқанын түсінемін, бірақ олардың қарсыласы да сондай күйде. Иә, мықты орындаушылары бар, бірақ ұжым ретінде оларға бір нәрсе жетіспейді.

Оның үстіне «Паневежис» бапкерін ауыстырды. Дегенмен бұл команданың күші – бір нақты матчта жақсы өнер көрсете алатындығында. Жақында ғана Литва Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ Чемпиондар лигасының іріктеуінде финляндиялық ХИК-ті күтпеген жерден жарыс жолынан шығарып жіберді (4:1)», – деді Климавичюс.

Сонымен қатар литвалық маман Мирослав Ромащенко командасының басым тұсын атап өтті:

«Мұндай қаражатпен «Тобылды» фаворит деп атауға болады. Футболда ақша бәрін шешпесе де, көп нәрсеге әсер етеді. Бұл тұрғыда қазақстандықтар қарсыластарынан жиі алда тұрады, бірақ бұл – жеңіске кепілдік бермейді», – деп толықтырды ол.

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Тобыл» «Паневежис» клубына қарсы ойнайды. Алғашқы кездесу 23 шілде күні Литвада өтсе, қарымта матч бір аптадан кейін Қазақстанда ұйымдастырылады.

Балтық жағалауынан келген клуб өз ішкі біріншілігінде жетінші орында келеді. Олардың құрамы қостанайлықтармен салыстырғанда екі есеге арзан (10,65 миллион еуроға қарсы 5,58 млн еуро).

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

18.06.26, 04:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
31
2
Қайрат
27
3
Оқжетпес
24
4
Астана
22
5
Ұлытау
22
6
Елімай
20
7
Ақтөбе
19
8
Жеңіс
16
9
Атырау
15
10
Қызылжар
15
11
Жетісу
14
12
Қайсар
13
13
Тобыл
11
14
Ертіс
9
15
Алтай
9
16
Каспий Ақтау
8