ҚПЛ-дың экс-инспекторы: ҚФФ президентінің кеңесшісі Есмұратов төреші бола алмайды

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.06.26, 08:00
ҚПЛ-дың экс-инспекторы Серік Қошқаров ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Елімай» мен «Ордабасы» (2:2) арасындағы матчта бас төреші болған Арман Есмұратовтың әрекеті мен жіберген қателіктерін жіліктеп берді.
ҚПЛ-дың экс-инспекторы: ҚФФ президентінің кеңесшісі Есмұратов төреші бола алмайды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Президент кеңесшісі төреші болмауы керек»

«Арман Есмұратов ҚФФ президентінің кеңесшісі. Ол төреші бола алмайды, өйткені бұл жерде мүдделер қақтығысы бар. Қазір төрешілер ештеңеден қорықпайды. Ойыннан кейін бапкер мен ойыншылар бірдеңе десе де, ол үндемеуі керек еді. Кеше ғана төрешілерге арналған семинар өтті. Олар әр ойында байқалмай, тек керекті жерде ғана ойынға кірісуі тиіс болатын», – деді Қошқаров.

Саналмай қалған екі гол: төреші неге қателесті?

Бірінші гол: «Фессу Плакка гол салған кезде, қапталдағы төреші офсайд жоқ деп көрсетті. ВАР кірісіп, офсайд бар екенін анықтады, бірақ Есмұратов өзі алаңда не болғанын мүлдем көрмегендей болды. «Елімайдың» алаң бөлігінде болған жағдайда Есмұратов ысқырғысы келмеді, ал семейліктер шабуылға шыққанда, төреші жүгіргісі келмегендей көрінді. Содан кейін барып ысқырғандай әсер қалдырды».

Екінші гол: «Кейін Рамазан Оразов бұрыштама добын көтеріп, Евгений Березкин гол салғанда да Есмұратов оны санамай қойды. Оның не үшін ысқырықты күткізгенін түсінбедім. Доп бұрышта тұр, командалар дайын, допты тепкен кезде төреші ысқырады. Ойыншы допты теуіп жатқанда ысқырудың керегі жоқ, керісінше, ертерек ысқыру керек еді. Бұл жерде де төрешінің анық қателігі болды. Төреші өзін тым көп көрсетті: бапкерлермен және ойыншылармен жиі сөйлесті. Жақсы төреші – ол өзінің алаңда бар екендігін байқатпайтын маман», – деп түйіндеді экс-инспектор.

Матч аяқталған соң қызыл қағаз арқалаған «Елімай» жетекшісі Андрей Карпович төреші Исмуратовтың оның командасын балағаттағанын жеткізді.

Осыдан 5 жыл бұрын Арман Есмұратов «Атырау» мен «Шахтер» арасындағы матчтан кейін трибуна астындағы бөлмеде алаң иелерінің футболшысы Сәбит Тастанбековті кеудесінен ұрып, маусымның соңына дейін төрешіліктен шеттетілген болатын.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

15.06.26, 08:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
31
2
Қайрат
27
3
Оқжетпес
24
4
Астана
22
5
Ұлытау
22
6
Елімай
20
7
Ақтөбе
19
8
Жеңіс
16
9
Атырау
15
10
Қызылжар
15
11
Жетісу
14
12
Қайсар
13
13
Тобыл
11
14
Ертіс
9
15
Алтай
9
16
Каспий Ақтау
8