«Мұның құпиясы – бір ұжым болып жасалған жұмыста. «Ұлытау» – үлкен бір отбасы. Өз үйімізде жанкүйерлердің қолдауының арқасында өзімізді сенімдірек сезінеміз. Әрине, жасанды төсеніш бізге де әсер етеді, бірақ біз әр матчқа тек бір ғана мақсатпен шығамыз, ол – жеңіске жету.
Сондай-ақ жеңістің кілтін таба білетін бапкердің де рөлін атап өткім келеді. Мазбаев бапкер Феликс Магат сияқты тым қатал емес пе? Жоқ, бірақ біз оның жұмыс әдістеріне сенеміз және айтқанына құлақ асамыз», – деді никарагуалық форвард.
ҚПЛ-дың 13-туры аясында өткен «Жеңіске» қарсы матчта «Ұлытау» маусымдағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, үздік бес команданың қатарына қайта оралды (2:1). Нұркен Мазбаевтың шәкірттері биыл «Металлург» стадионында бірде-бір рет жеңіліс дәмін татқан жоқ.
27 жастағы Ариагнер Смит осы маусымда 13 ойынға қатысып, екі гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Бұған дейін шабуылшы ресейлік «Велес» және литвалық «Паневежис» клубтарында доп тепкен.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.