Талғат Байсуфинов – Арменияға қарсы ойын жайлы: жастарға ойнауға мүмкіндік береміз

Автор
Fonteam редактор
Автор
06.06.26, 07:00
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Ереванда өткен матч алдындағы баспасөз мәслихатында команданың дайындығы мен құрамаға шақырылған жас ойыншылар жайлы айтып берді.
Талғат Байсуфинов – Арменияға қарсы ойын жайлы: жастарға ойнауға мүмкіндік береміз
Сурет: ашық дереккөздерден

«Шымкенттегі жаттығу жиынын аяқтап, бүгін Ереванға келіп отырмыз. Шымкент қаласы мен стадион жұмыскерлеріне алғыс айтамыз, дайындығымыз өте жақсы әрі жоспардағыдай өтті.

Жастар туралы айтар болсақ, бұл – бөлек әңгіме. Қазір өздеріңіз көріп отырғандай, бұл жігіттерді «жас» деп айтуға да келмейді. Осындай деңгейде футбол көрсетіп жүргендері үшін оларға рақмет. Құрамадағы тәжірибелі ағалары да жастарға барынша қолдау көрсетіп жатыр. Қателеспесем, жас ойыншылар ұжымға жақсы сіңісіп, тамаша дайындық жасауда. Құдай қаласа, ертеңгі және кейінгі ойындарда жастарымыздың қандай футбол көрсетіп жүргеніне қарап, оларға алаңға шығып, бағын сынауға мүмкіндік береміз деген ойымыз бар», – деді Байсуфинов.

Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы күзде басталатын Ұлттар лигасының матчтарына дайындық аясында Армения және Мажарстан командаларына қарсы жолдастық кездесулер өткізеді.

Алдағы спарринг-матчтарға бас бапкер Талғат Байсуфинов отандық біріншілікте сенімді өнер көрсетіп жүрген екі тинейджерді шақырған болатын. «Астананың» 18 жастағы вингері Мақсат Әбіраев пен «Ордабасының» 19 жастағы шабуылшысы Жасұлан Әмір. Бұл ойыншылардың екеуі де алдағы кездесулерде елдің бас командасы сапында тұңғыш рет алаңға шығуы мүмкін.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8