«Ұлттық құрамаға шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің бала күнгі арманым болатын. Алдағы матчтарда негізгі құрам сапында дебют жасап, өзімді жақсы қырымнан көрсетемін деп үміттенемін. Маған сенім білдіріп, мүмкіндік берген барша бапкерлер штабына алғыс айтамын.
Позиция мәселесіне келсек, өзіме әрине шабуыл шебінде ойнаған әлдеқайда ыңғайлы, алаңда өз ойыныммен және нәтижелі іс-қимылдармен көзге түскен ұнайды. Бірақ ең бастысы – бапкер мені қай позицияға қойса да, барымды салып, команданың жеңіске жетуіне көмектесу», – деді жас шабуылшы.
Жасұлан Әмір ағымдағы маусымда шымкенттік «Ордабасы» сапында тамаша өнер көрсетіп жүр. Ол ел чемпионаты мен кубок бәсекелерінде 15 матчқа қатысып, жеті гол соқты және төрт нәтижелі пас берді. Осындай нәтижелі ойынынан кейін бас бапкер Талғат Байсуфинов жас талантты Армения және Мажарстанға қарсы өтетін жолдастық кездесулерге алғаш рет шақырды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.