Қазақстан құрамасының бапкері – Астановтың құрамаға шақырылмауы туралы: есік бәріне ашық, бірақ бәсекелестік жоғары

Автор
Fonteam редактор
Автор
06.06.26, 05:00
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Эльхан Астановтың маусым айындағы жолдастық кездесулерге неліктен шақырылмағанын түсіндірді.
Қазақстан құрамасының бапкері – Астановтың құрамаға шақырылмауы туралы: есік бәріне ашық, бірақ бәсекелестік жоғары
Сурет: ашық дереккөздерден

«Эльхан Астановтың шақыртылмауы туралы айтсақ, біз оның мүмкіндігін баяғыдан жақсы білеміз. Естеріңізде болса, 2022 жылы үш ойыншымызды жастар құрамасынан негізгі командаға тартқан болатынбыз. Олар – Данияр Үсенов, Максим Самородов және Эльхан Астанов. Сол кезде Максим мен Эльханға Францияға қарсы ойында бірден мүмкіндік бердік.

Бірақ уақыт өтіп жатыр, жаңа жастар өсіп келеді. Қазір құрамада бәсекелестік өте жоғары. Ұлттық команданың есігі бәріне ашық, меніңше, жігіттердің өздері де жағдайды жақсы түсініп отыр, ешқандай мәселе жоқ. Егер клубтарында тұрақты әрі жақсы ойнай берсе, күзгі ресми матчтарға дейін әлі уақыт бар. Кімнің дайын екенін күзде көреміз», – деді Байсуфинов.

Эльхан Астанов бұған дейін ұлттық құраманың тұрақты ойыншыларының бірі болған еді. Алайда бас бапкер Талғат Байсуфинов Армения мен Мажарстанға қарсы жолдастық кездесулерге оны шақырмады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8