Смақов Әмір мен Абраевтың құрамаға шақырылуы туралы: бұл – оларға берілген бонус сияқты

Автор
Fonteam редактор
Автор
05.06.26, 12:03
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында бас бапкер Талғат Байсуфиновтың маусым айындағы жолдастық кездесулерге жас футболшыларды шақыру шешіміне қатысты өз ойын білдірді.
Смақов Әмір мен Абраевтың құрамаға шақырылуы туралы: бұл – оларға берілген бонус сияқты
Коллаж
«Талғат Маруанұлының жас ойыншыларды осы матчтарға шақыруы оларға берілген бонус сияқты көрінеді. Бұл жастардың ұлттық құраманың не екенін, ондағы атмосфера мен жауапкершілікті сезінуі үшін жасалып жатыр. Жастар мен жасөспірімдер деңгейіндегі жауапкершілік – бүкіл ел көз тігіп отыратын ұлттық құрамамен салыстырғанда мүлдем бөлек дүние.
Меніңше, олар алдағы матчтарда міндетті түрде дебют жасады. Бұл – ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізіп, өнер көрсету үшін өте қолайлы жас. Осындай жоғары деңгейде ойнау арқылы олар тезірек өсіп-жетіледі», – деді Смаков.

Сондай-ақ экс-капитан алдағы қарсыластармен өтетін спарринг-матчтардың маңыздылығына тоқталды:

«Ұлттар лигасы басталар алдында Армения мен Мажарстанға қарсы жолдастық кездесулердің маңызы өте зор. Бапкерлер штабы кімнің неге қабілетті екенін, кімнің дайын тұрғанын тексеріп алуы керек, өйткені команданың алдына қойылған міндеттер өте салмақты», – деп мақұлдады экс-футболшы.

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге «Астананың» 18 жастағы вингері Мақсат Абраев пен «Ордабасының» 19 жастағы форварды Жасұлан Әмірді алғаш рет шақырды.

Әбіраев ағымдағы маусымда елордалық клуб сапында барлық жарыста 13 матч өткізіп, екі гол соқты және үш ассист жасады. Ал «Ордабасының» 19 жастағы шабуылшысы Жасұлан Әмір 15 ойынға қатысып, жеті гол және төрт нәтижелі паспен көзге түсті.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8