«Құрамадан кету – Барсегянның өз қалауы болды. Бұл ой Егише Меликян ұлттық команда тізгінін ұстамай тұрып-ақ пайда болған. Бірақ бапкер Тигранды көндіріп, әлем чемпионатының финалдық іріктеу матчтарына қатысуға шақырды. Меликян сонымен қатар оған капитандық белгіні де табыстады.
Алайда Ирландияға қарсы матчта алған қызыл қағазы бәрін өзгертті. Осыдан кейін Барсегян елде қатты сынға ұшырады, бұл оның соңғы шешіміне әсер етті деуге негіз бар. Тигран өзінің жоғары деңгейімен құрамаға әлі бірнеше жыл көмектесе алар еді, бірақ ол бар назарын тек клубтық мансабына аударуды жөн көрді. Дегенмен, ол құрама үшін көп еңбек сіңірді және көптеген матчтарда алаңда шешуші рөл атқарды», – деді Абелян.
Сондай-ақ инсайдер Барсегянның орнын баса алатын ойыншылар туралы да пікір білдірді:
«Ұлттық құрамада оң қанаттағы вингер позициясына бәсекелестік әрдайым жоғары болған. Қазір бірнеше нұсқа бар, соның бастысы — Бичахчян, бірақ ол бұл жолы жарақатына байланысты шақырылмады. Сондай-ақ ойын практикасы аз болса да, жоғары класты футболшы Эдгар Севикян бар. Бұдан бөлек, Арменияның жаңа чемпионы «Арарат-Арменияның» жартылай қорғаушысы Артур Серобян мен румыниялық «Фарулдан» Нарек Григорян да осы позициядан үмітті», – деді сарапшы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Армения ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 6 маусымға жоспарланған. Ойын Ереванда өтеді.
32 жастағы армениялық вингер қазіргі уақытта Братиславаның «Слован» клубында өнер көрсетеді. Бұған дейін қызылордалық «Қайсар» сапында Барсегян 33 матч өткізіп, 14 гол соққан және алты нәтижелі пас берген, сонымен қатар «қасқырлармен» бірге Қазақстан Кубогының иегері атанған болатын.
Кейіннен футболшы «Астанаға» ауысып, елордалық клуб сапында 56 матчта алаңға шықты. Ол бұл ойындарда 15 гол соғып, 16 нәтижелі передачамен көзге түсті.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.