«Түркияда азғырушы факторлар көп»: қазақстандық қорғаушы биыл «Аланьяспор» сапында дебют жасауы мүмкін

Автор
Fonteam редактор
Автор
05.06.26, 05:00
Жаһандану дәуірінде Еуропадан қазақстандық футболшыны жолықтыру таңсық дүние емес. Бірақ олардың кез келгеніне академияға бекініп, бас командада өзін көрсету бақыты бұйыра бермейді. 17 жастағы Диярхан Қарабалинов қазірдің өзінде «Аланьяспор» U-19 сапында өнер көрсетіп жүр.
«Түркияда азғырушы факторлар көп»: қазақстандық қорғаушы биыл «Аланьяспор» сапында дебют жасауы мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден

– Бәрі неден басталды? Түркияға қалай тап болдыңыздар?

– Диярхан негізі Орынборда дүниеге келген, бірақ құжат бойынша Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласы жазылған. Шағын қаладан Оралға көшіп келдік, онда ұлым 2016 жылы спортпен шұғылдана бастады. Бұл Шалаев Болат Бердекешұлы жетекшілік ететін «Football Kids» жеке клубы еді.

2019 жылға дейін ол шабуылшы позициясында ойнады, кейін «Астанаға» қаралымға барып – өте алмады. Нәтижесінде «Astana Junior» клубына қосылды. Оның командаласы Әлижан Юн («Эльче») болса, одан бір жас кіші санатта Кәрім Меңдіханов («Барселона») өнер көрсетті.

Факт: 2015-2018 жылдар аралығында «Барселона» академиясында Павлодар тумасы Алан Ағаев болған. Мәскеудің «Родина» клубының қорғаушысы қазіргі уақытта Қазақстан азаматтығын қалпына келтіріп жатыр.

 

Сол жылдың қысында орыс тілді агент Натали Щенникованың бастауымен бізге испаниялық скаут келді. Балалардың қабілетін бағалап, Диярханды өз еліне қаралымға шақырды. Бірақ елордаға жаңа көшіп келгендіктен, бірден Испанияға ұшып кету қиын болды. Сондықтан біз тек кеңеске құлақ асып, доппен жұмыс істеуге баса назар аудардық.

Бапкеріміз – Жоланов Дінмұхаммед Қадырқұлұлы тәсілді өзгертіп, ұлымның техникасымен айналысты. Тәлімгердің футболшыны дәл осылай жеке дамытып, бүкіл үрдісті дәптерге жазып отырғанын алғаш рет көруім еді. Осының негізінде 2020 жылдың қыркүйегінде Түркияға аттандық, онда баланы «Аланьяспор» бірден қабылдады.

– Неліктен дәл осы клуб?

– Біріншіден, тұрмыстық жағдайда мұнда досым көмектесті. Екіншіден, Аланьяда қар жаумайды – қыста +15°, сондықтан жыл бойы сыртта ойнауға болады. Жерорта теңізі мен таудың ортасында тұрамыз. Бұл бастапқы кезең үшін өте қолайлы орта: ол тіл үйренді, мектепке барды, ал келесі жылы спорт лицейін бітіруі керек.

– Отандасымыз маусымды қалай аяқтады?

– Диярхан маусымның көп бөлігін «Аланьяспор» U-17 құрамында өткізді, бірақ соңғы апталарда төрт баламен бірге U-19 командасына қосылды. 2008, 2009 және 2010 жылғы ойыншылар бұл санаттан асатын футболшыларды біртіндеп алмастырып жатыр. Жалпы алғанда, ол барлық матчқа дерлік қатысты.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8