Алмат Бекбаев лондондықтардың қарсыласын мұқият зерттеп, париждік клубтың басты жұлдыздарын бейтараптандыра алғанын атап өтті.
Оның айтуынша, «Арсенал» қанаттарды толық жауып, ПСЖ көшбасшыларына өздерінің үздік ойынын көрсетуге мүмкіндік бермеді.
«Арсенал» қолдан келгеннің бәрін жасады. ПСЖ-ның үздік ойыншылары өздерін көрсете алмады, оларды қанаттардан толық жауып тастады. Хвича пенальтиден басқа ештеңе істей алмады. «Арсенал» жақсы дайындалған, бірақ ПСЖ мықтырақ болып, өз дегеніне жетті», – деді Бекбаев.
Сарапшының пікірінше, лондондықтар есепті тым ерте ашып, кейінгі ойында көбіне қорғанысқа мәжбүр болды.
Бекбаевтың айтуынша, париждіктердің үзіліссіз қысымы Микель Артетаның командасының физикалық дайындығына әсер етті.
«Осылай деуге болады. Бір ғана мәселе – олар 6-минутта гол соғып, кейін қорғаныста күштері жетпей қалды», – деді сарапшы.
Экс-қақпашы ПСЖ-ның бас бапкері Луис Энрике туралы да пікір білдірді. Испаниялық маман командасын Чемпиондар лигасында қатарынан екінші мәрте жеңіске жеткізді.
Бекбаев испандық бапкерді қазіргі заманның ең мықты жаттықтырушыларының бірі деп санайды және бұл жоба әлі талай еуропалық трофейлерді жеңіп алатынына сенімді.
«Иә, Луис Энрике өте ақылды жаттықтырушы екенін дәлелдеді. Үлкен ойшыл бапкер, әр командаға өз тәсілін табады, енді үшінші Чемпиондар лигасы кубогына ұмтылады деп ойлаймын және, мүмкін, оны да алады. Жүйе жақсы», – деді Бекбаев.
Хвича Кварацхелияның еңбегі туралы айта отырып, сарапшы грузин футболшысының командада бірнеше маусым бойы аса маңызды рөл ойнап келе жатқанын ерекше атап өтті.
Бекбаевтың сөзінше, ойыншы қазір ПСЖ-ның көшбасшыларының бірі екенін толық дәлелдеді.
«Менің ойымша, Кварацхелия былтырғы маусымда да негізгі ойыншы болған, бірақ оны бағаламады. Қазір ол өзін нағыз көшбасшы, команданың моторы, шешуші ойыншы екенін тағы да дәлелдеді», – деді Бекбаев.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.