Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы
Ресми серіктестік · 2026/27 маусымы «Fonteam» ақпарат агенттігі «Барыс» ХК серіктесі атанды hcbarys.kz

Жақын матчтар

«Ордабасыдан» кеткеннен кейін үзіліс алмаймын: Андрей Мартин

Еске сала кетейік, Андрей Мартин екі жылдық жұмыстан кейін «Ордабасының» бас бапкері қызметінен кетті.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
1 минут оқу
«Ордабасыдан» кеткеннен кейін үзіліс алмаймын: Андрей Мартин
Андрей Мартин

«Ордабасының» бұрынғы бас бапкері Андрей Мартин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында жақын арада жұмысқа оралуға дайын екенін мойындады.

«Шымкенттегі тәжірибеден кейін үзіліс алуды жоспарлаған жоқпын – бәрі ұсыныстарға байланысты. Еуропаға басымдық беремін деп айтуға бола ма? Шын мәнінде, менің басты басымдығым – ең алдымен қызықты әрі амбициялық жоба», – деді 52 жастағы маман.

Еске сала кетейік, Андрей Мартин екі жылдық жұмыстан кейін «Ордабасының» бас бапкері қызметінен кетті. Оның жетекшілігімен шымкенттік команда 69 матч өткізіп, 39 жеңіске жетті, сондай-ақ «алтын дубль» жасады.

БАҚ мәліметінше, молдовалық маман ҚПЛ-дың басқа клубын тізгіндеуі мүмкін. Бұған дейін ол «Дачия» мен «Петрокуб» клубтарын жаттықтырған.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.