1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында ұлттық құрама ойыншылары Нұралы Әліп, Сергей Малый, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Жасұлан Әмір және Мағжан Тоқтыбай Шымкенттегі қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына арнайы барды. Футболшылар балалармен жасыл алаңда футбол ойнап, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында спортшылар орталық тарландарына Қазақстан құрамасының ресми жейделері мен естелік сыйлықтарын үлестірді.
Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасы Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Отандық футболшылар маусым айында өтетін Армения және Мажарстанға қарсы жолдастық кездесулерге дайындалуда.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.