Чемпиондар лигасы-2025/26 маусымының үздік ойыншысы белгілі болды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
01.06.26, 07:00
ПСЖ вингері Хвича Кварацхелия Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы ең үздік ойыншы атанды.
Чемпиондар лигасы-2025/26 маусымының үздік ойыншысы белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Грузиялық футболшы париждіктердің жеңісті маусымындағы басты қаһармандардың біріне айналып, клубтың қатарынан екінші «ушастыйды» жеңіп алуында маңызды рөл атқарды.

Биылғы Чемпиондар лигасы маусымында Кварацхелия 10 гол соқты. Оның жетеуі плей-офф кезеңінде тіркелді.

Сонымен қатар Хвича ПСЖ клубының Чемпиондар лигасындағы бір маусымдағы гол саны бойынша рекордын қайталады. Бұған дейін мұндай көрсеткішке соңғы рет Златан Ибрагимович 2015/16 жылғы маусымда қол жеткізген еді.

Жалпы осы маусымда грузиялық вингер барлық турнирде ПСЖ сапында 48 матч өткізіп, 19 гол мен 11 нәтижелі пас авторы атанды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының қазіргі нарықтық бағасы 90 миллион еуроны құрайды.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының финалында ПСЖ «Арсеналды» жеңді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында париждіктер 4:3 есебімен басым түсті.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8