Нұрымбет – ұлттық құрамаға шақырту алуы жайлы: басты мақсаттарымның бірі орындалды

Автор
Fonteam редактор
Автор
31.05.26, 11:30
«Оқжетпестің» жартылай қорғаушысы Абинұр Нұрымбет ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізіміне енгеннен кейінгі әсерімен бөлісті.
Нұрымбет – ұлттық құрамаға шақырту алуы жайлы: басты мақсаттарымның бірі орындалды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Ерекше сезімде болдым, ұлттық құрамаға шақыртылғаныма өте қуаныштымын. Біріншіден, сенім білдіріп шақырғандары үшін бапкерлік құрамға алғыс айтқым келеді. Екіншіден, осындай жетістікке себепші болғандары үшін отбасым мен командаластарыма алғыс айтамын. Әрине, әуелі Алла, екінші осы өз еңбегімнің арқасында ұлттық құрамаға шақырту алдым. Шүкір, ең басты мақсаттарымның бірі орындалды. Өз өзіме сендім. Ойынымды жақсы көрсетіп, ұлттық құраманың нақты тізіміне енгім келді», – деді футболшы.

Ағымдағы маусымда 21 жасар Абинұр Нұрымбет көкшетаулықтар сапында барлық жарыстарда 13 матч өткізіп, бір гол соқты. Ойыншының нарықтық құны 225 мың еуроға бағаланып отыр. Бұған дейін ол Қазақстан U-21 жастар құрамасында 11 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген болатын.

Еске сала кетейік, маусым айындағы жолдастық кездесулер аясында Қазақстан ұлттық құрамасы 6 маусымда Ереванда Армениямен, ал 9 маусымда Дебреценде Венгриямен кездеседі.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8