Абыройлы марапатқа париждік команданың португалиялық жартылай қорғаушысы Витинья ие болды. Бұл кездесуде 26 жастағы жартылай қорғаушы алаңда 105 минут өнер көрсетіп, нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбегенімен, алаңдағы үздіктердің бірі атанды.
Жалпы, осы маусымдағы Чемпиондар Лигасында ол 17 матч өткізіп, алты гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Айта кетейік, лондондықтар үшін бұл Еуропа тарихында алғаш рет құрлықтың үздік командасы атануға тарихи мүмкіндік еді. Ал париждіктер өз атағын қорғауға бел буып, ауыр ойында мақсатына жетті.
Соңғы 10 жылда алғаш рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталды. Дәл осы 11 метрліктен париждік команданың футболшылары өз шеберлігін көрсетті.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.