Матчтың басты кейіпкері – Коул Палмер.
Тарихтағы алғаш рет 32 команда қатысқан Клубтар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Финалда «Челси» фаворит саналмағанымен, ПСЖ-ны 3:0 есебімен сенімді жеңіп, басты трофейді иеленді.
Матчтың басты кейіпкері – Коул Палмер. 22-минутта Мало Гюстодан пас алған ол әдемі соққымен есеп ашты. Араға бірнеше минут салып, Палмер айып алаңында қарсыластарын алдап, дубль авторы атанды. Ал үшінші голды Жоао Педро соқты – Палмердің тамаша пасын қақпашы үстінен асыра дәл бағыттады.
ПСЖ-ның шабуылдары нәтижесіз аяқталып отырды. Дембеле мен Хвича бірнеше сәттерді іске асыра алмады, ал қақпашы Роберт Санчес өз командасын бірнеше рет құтқарып қалды. Матч соңында Жоау Невеш Кукурельяны ойыннан тыс сәтте шашынан тартқаны үшін алаңнан қуылды.
«Челси» осылайша Клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп, тарихқа өз атын жазды.