Лондондық команда үшін бұл Еуропаның үздік командасы атағын алғаш рет иеленуге тарихи мүмкіндік болды. Ал париждіктер өздерінің чемпиондық атағын қорғауға бел буған еді.
Үзіліске командалар Микель Артета шәкірттерінің минималды басымдығымен кетті. 6-минутта Кай Хаверц Леандро Троссардың пасынан кейін лондондықтарды алға шығарды.
Үзіліске дейінгі уақытта «канонирлер» сауатты қорғанды, ал париждіктер Давид Райя қақпасына айтарлықтай қауіп төндіре алмады.
Екінші тайм париждіктердің қарқынымен басталды – олар қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. Ал екінші таймның ортасында Усман Дембеле пенальтиден есепті теңестірді. Париж командасы таразы басын теңестіргеннен кейін ойын тең дәрежеде тыныш жалғасты.
Негізгі уақытта бұдан әрі гол соғылған жоқ, ойын экстра-таймға ұласты. Қосымша 15 минутта командалар аса белсенділік танытпай, пенальти сериясына үміт артқанын көрсетті.
Солай болды да: соңғы 10 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасы жеңімпазы пенальти сериясында анықталды. 11 метрлікте париждік футболшылар мықты болып, Еуропаның үздік командасы атағын қорғады.
УЕФА Чемпиондар лигасы, финал
ПСЖ – «Арсенал» 1:1 (пенальти 4:3)
Голдар: Дембеле, 65 (пенальти) – Хаверц, 6
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.