Қазақстандық спорт журналисі және футбол инсайдері Эльдар Аманбаев «Алтайдың» көшбасшы футболшыларына ҚПЛ-дың басқа клубтарынан ұсыныс түскенін айтты.
Сейф Поповқа Қазақстан Премьер-лигасының төрт клубы қызығушылық танытқан екен. Бірақ «Алтай» басшылығы футболшыны жазда қанша ақша ұсынса да, жібермейміз деп отыр. Дәл осы жағдай Ибрагим Дадаевқа да қатысты. «Алтайдың» биылғы маусымдағы басты мақсаты – Премьер-лигада қалу. Бұған осы екі жігіт көмектсеседі деп ойлаймын», – деді Аманбаев «Бірінші бол» арнасындағы подкастта.
21 жастағы Сейф Попов биылғы ҚПЛ маусымында 12 матч өткізіп, 2 гол соқты. Ал 23 жастағы Ибрагим Дадаев 12 матчта бір нәтижелі паспен көзге түсті. Соңғы турда қос футболшы дриблинг бойынша үздік бес ойыншының қатарына кірді.
«Алтай» 12 турда 9 ұпай жинап ҚПЛ турнирлік кестесінде 14-орында келе жатыр. Қазақстан кубогында жартылай финалға шықты. Ол жақта «Ордабасымен» күш сынасады.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.