«Қайраттың» экс-қорғаушысы – Қазақстанмен болатын матч жайлы: қарсыласымыз – мінезді әрі рухты команда

Автор
Fonteam редактор
Автор
30.05.26, 10:25
Армения құрамасының қорғаушысы, кезінде Қазақстанның бірнеше клубында өнер көрсеткен Камо Оганесян ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстанға қарсы өтетін ойын туралы пікір білдірді.
«Қайраттың» экс-қорғаушысы – Қазақстанмен болатын матч жайлы: қарсыласымыз – мінезді әрі рухты команда
Сурет: ашық дереккөздерден

«Бұрын бірге ойнаған командаластарымды қайта көретініме және оларға қарсы алаңға шығатыныма қуаныштымын. Қазақстан құрамасы – әр матчта бар күш-жігерін салатын, мінезді әрі рухты команда. Сондықтан бұл кездесу тартысты әрі қызықты болады деп ойлаймын, – деді Оганесян.

33 жастағы футболшы бұған дейін «Жетісу», «Қайрат» және «Астана» клубтарының намысын қорғаған. Қазақстан Премьер-лигасында 139 матч өткізіп, 11 гол соқты, 22 нәтижелі пас берді.

Армениялық қорғаушы екі рет Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Армения мен Қазақстан құрамасы арасындағы жолдастық кездесу 6 маусым күні Еревандағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8