Жеңіске толы маусымдағы 32 матчта испандық команда 27 рет жеңіске жетіп, тек екі рет қана жеңілістің ащы дәмін татты және турнир кестесінде «Валенсияны» артқа тастады. «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы бұл маусымда төрт гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.
Еске сала кетейік, өткен жылдың күзінде «Вильярреал» Сәлім Хасановты «Леванте» клубынан сатып алған болатын. Қазақстандық футболшы клубпен үш жылдық мерзімге кәсіби келісімшартқа отырды.
Айта кетейік, Хасановтың кіші інісі – 6 жасар Салих та жергілікті «Сан-Хосе» командасында өнер көрсетеді. Чемпионаттың қорытынды ойынында ол «Бенимар-Пиканьяға» қарсы матчта (6:0) гол соғып, нәтижелі пас берді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.