Жоао Пауло ҚПЛ-ға оралуы туралы: жазда ұсыныстарды қарастыруға дайынмын

Автор
Fonteam редактор
Автор
28.05.26, 03:00
Бұрын «Ордабасы» мен «Қайратта» өнер көрсеткен бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚПЛ-дың 12-туры аясындағы осы қос команданың өзара кездесуіндегі мүмкіндіктерін бағалады.
Жоао Пауло ҚПЛ-ға оралуы туралы: жазда ұсыныстарды қарастыруға дайынмын
Сурет: ашық дереккөздерден

«Тамаша ойын күтемін, өйткені бұл – дәл қазіргі сәттегі ең үздік екі команда. «Ордабасы» өз алаңында және трибунада әрдайым керемет мереке ұйымдастыратын жанкүйерлерінің алдында ойнайтындықтан, оларда кішігірім басымдық бар. Иә, мен ҚПЛ-ды әлі де үнемі бақылап отырамын әрі қатты сағындым (күледі)», – деді футболшы.

Сонымен қатар, шабуылшы ауыр жарақаттан кейін қалай қалпына келіп жатқанын айтып, Қазақстан клубтары тарапынан өзіне қызығушылық бар екенін растады.

«Оңтайлы физикалық бабыма келу үшін күнделікті жаттығып жатырмын. Жарақаттың кесірінен бұлшықет массасын қатты жоғалтып алдым, бірақ, Аллаға шүкір, қазір бәрі қалпына келді. Шамамен 20 күннен кейін алаңға оралуға толық дайын боламын деп ойлаймын. Мансабымды жалғастыруға келсек, Қазақстан клубтарынан хабарласып, жағдайымды сұрағандар болды. Жазғы трансферлік терезе ашылғанда нақты ұсыныстар күтемін», – деп мәлімдеді футболшы.

Еске сала кетейік, өткен жылдың көктемінде Жоао Пауло тізесінің айқасқан байламдарын жарақаттап, ота жасатқан және ұзақ уақыт оңалту кезеңінен өткен болатын. Содан бері осы жазда 38 жасқа толатын бразилиялық ойыншы алаңға шыққан жоқ.

Паулоның еншісінде Премьер-лиганың 150 матчында соғылған 75 гол мен 30 нәтижелі пас бар.

Алматылық «Қайрат» сапында Пауло екі рет Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алып, ел Кубогы мен Суперкубогына қол жеткізген. ҚПЛ-ға ауысқанға дейін шабуылшы Еуропада болгариялық «Ботев» және «Лудогорец» клубтарында да өнер көрсеткен.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
26
2
Ордабасы
25
3
Оқжетпес
22
4
Астана
18
5
Ұлытау
18
6
Елімай
17
7
Ақтөбе
15
8
Атырау
13
9
Жетісу
13
10
Жеңіс
13
11
Қызылжар
12
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8