Бұл жаңартуда қазақстандық жанкүйерлер үшін ең басты жаңалық - Максим Самородовтың бағасының күрт өсуі болды. «Ахматтың» 23 жастағы вингері бірден 500 мың еуроға қымбаттап, енді 3 миллион еуроға бағаланып отыр.
Осылайша Самородов «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен теңесті. Қазір дәл осы екі футболшы Қазақстанның ең қымбат ойыншылары саналады.
Самородов мансабындағы ең үздік маусымын өткізді
Биылғы маусымда Максим Самородов Грозныйдың «Ахмат» клубындағы негізгі ойыншылардың біріне айналды.
Қазақстандық футболшы Ресей чемпионатында 29 матч өткізіп, бес гол соқты және он нәтижелі пас берді.
Ал «Ахмат» маусымды 37 ұпаймен РПЛ турнирлік кестесінің тоғызыншы орнында аяқтады.
Қиын маусым мен жарақаттарға қарамастан, Бақтиер Зайнутдинов Қазақстанның ең қымбат футболшыларының бірі болып қала беруде.
Мәскеудің «Динамосында» өнер көрсететін жартылай қорғаушының бағасы 2,5 миллион еуро деңгейінде сақталды. Бұл көрсеткіш желтоқсандағы жаңартумен салыстырғанда өзгерген жоқ.
Сонымен қатар Зайнутдиновтың рекорды әлі күнге дейін жаңарған жоқ. 2023 жылы ол Түркияның «Бешікташ» клубында ойнаған кезде бағасы 6,5 миллион еуроға дейін көтерілген болатын. Бұл - қазақстандық футбол тарихындағы ең жоғары трансферлік баға.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.