Қазақстан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

Автор
Fonteam редактор
Автор
24.05.26, 06:00
Қазақстан құрамасы Албанияда өтіп жатқан соккадан Еуропа чемпионатында сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда.

Қазақстандық команда турнирдің жартылай финалына шығып, ширек финалда Еуропаның қазіргі чемпионы Польша құрамасын тізе бүктірді.

Кездесу Қазақстанның 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Жеңіс голын 10-минутта Алексей Забогонский өткір бұрыштан әдемі соққымен соқты.

Қазақстан Германия құрамасын ойсырата жеңді

Бұған дейін қазақстандықтар Германия құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, 1/8 финалдан сенімді өтті. Бұл ойында Александр Кислицын, Төрехан Досов, Диас Үсенов және Олжас Тайбасаров мергендік танытты.

Топтық кезеңде де Қазақстан құрамасы тұрақты нәтиже көрсетті. Команда Португалияны 1:0 есебімен ұтып, кейін Латвиямен 0:0 тең ойнады, ал соңғы турда Украинамен 2:2 есебімен ұпай бөлісті.

Осылайша, Қазақстан Еуропаның үздік төрт командасының қатарына кіріп, чемпиондық жолын жалғастырады. Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан құрамасы соккадан Еуропа чемпионы атанса, Еуро-2025 жарысында ширек финалда Испанияға есе жіберген болатын. Бұдан бөлек, Қазақстан 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, үшінші орын үшін өткен ойында Нидерландыны 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Сокка дегеніміз не?

Сокка — 6×6 форматындағы футболдың бір түрі. Матчтар 50-ге 30 метрлік алаңда өтеді және екі таймнан, әрқайсысы 20 минуттан тұрады. Әр командада бір қақпашы және бес ойыншы өнер көрсетеді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

24.05.26, 06:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11