«Жеңістің» экс-футболшысы ҚПЛ мен Португалияның үшінші дивизионын салыстырды

Автор
Fonteam редактор
Автор
23.05.26, 11:00
Елордалық «Жеңіс» клубында ойнаған футболшы Гонсалу Тейшейра ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық футбол деңгейін Португалияның үшінші лигасымен салыстырды.
«Жеңістің» экс-футболшысы ҚПЛ мен Португалияның үшінші дивизионын салыстырды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қазіргі командам – Португалиядағы тарихи клубтардың бірі саналатын «Варзим». Жанкүйерлері өте керемет, бұл эмблема үшін ойнау әрдайым жағымды әсер сыйлайды.

Салыстыратын болсам, Лига 3 деңгейі Қазақстандағы көптеген командаларға ұқсас деп ойлаймын. Тек «Қайрат», «Астана», «Ақтөбе» және «Тобыл» клубтарын ерекшелеп айтуға болады, себебі олар әлдеқайда мықты. Ал менің ойын стилім Қазақстан чемпионатында айқын көрінеді деп есептеймін», – деді Тейшейра.

Футболшы Астанадағы өмірден үлкен әсер алғанын айтып, ҚПЛ клубтарынан түсетін ұсыныстарға ашық екенін жеткізді.

«Қайта оралар ма едім? Әрине, еш қиындықсыз – егер жақсы ұсыныс болса. Астанада өмір сүру маған қатты ұнады, қала мені жақсы қырынан таңғалдырды.

Қазақстандағы өмірден, адамдардың шетелдіктерге деген қонақжайлығынан үлкен ләззат алдым. Бұл – өзімнің барлық мықты қырларымды толық көрсетуге мүмкіндік беретін чемпионат», – деп түйіндеді вингер.

Гонсалу Тейшейра 2025 жылғы маусымда «Жеңіс» сапында өнер көрсетті. Португалиялық вингер өткен жылдың жазында елордалық клубтан кеткен болатын. Ол команда құрамында небәрі үш матч өткізді.

Тейшейра клубтан кетер алдында ҚФФ-ның бас хатшысы әрі Астана мәслихатының депутаты одан командада қалуын өтінгенін мәлімдеген еді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
25
2
Ордабасы
22
3
Оқжетпес
22
4
Астана
18
5
Ұлытау
18
6
Елімай
14
7
Ақтөбе
14
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
12
Қайсар
9
13
Каспий Ақтау
7
13
Алтай
8
14
Ертіс
6