«Маннды тағайындау – ҚФФ президентінің шешімі. Ал оны не үшін шақырды? Оның алдына нақты міндеттер қойылып, олар футбол жұртшылығына жариялануы тиіс. Иә, олар жалпылама сөздермен құтылды, бірақ ол өзіне бекітілетін өкілеттіктер аясында ғана қатаң жұмыс істеуі керек. Бас хатшы стратегияға жауап беріп, атқарушы комитеттің шешімдерін орындауы тиіс. Бұл жабық орган емес, қоғамдық ұйым ғой. Ал қазір бәрін тасада шешіп, жұртты фактімен ғана бетпе-бет келтіріп отыр.
Төрелік мәселесі мен 15 клубтың хатына қатысты үлкен баспасөз мәслихаты өтуі керек еді. Иә, олар клуб мүшелерімен сөйлесті, бірақ мұның бәрі ашық болуы тиіс. Өйткені клубтардың артында мыңдаған жанкүйер тұр.
Манн демократиялық елден келді, сондықтан бәрі демократиялы болуы шарт. Бір ғана сұхбатпен шектелуге болмайды. Манн журналистер алдында жауап беруі тиіс. Маман ағылшын чемпионатынан келді, ал ол жақта әрдайым баспасөз мәслихаттары өткізіліп тұрады», – деді Ақпаев.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті австралиялық Скотт Энтони Маннды ҚФФ-ның Бас хатшысы қызметіне тағайындаған болатын. Оның келісімшарты 2030 жылдың 12 шілдесіне дейін есептелген.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.