«Қайсардың» экс-директоры: Ферапонтовқа сенбеймін – Кумыковпен бекер қоштастық

Автор
Алихан Ибраев
Автор
22.05.26, 04:00
«Қайсардың» бұрынғы директоры Садық Мұстафа ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қызылордалықтардың бас бапкері Андрей Ферапонтовтың жұмысына баға берді.
«Қайсардың» экс-директоры: Ферапонтовқа сенбеймін – Кумыковпен бекер қоштастық
Сурет: ашық дереккөздерден

«Мен жақсы көретін әрі жанкүйерлік ететін жалғыз команда – «Қайсар». Әлемде бұдан басқа еш бір команданың ойындарын қарамаймын да, білмеймін де. Соңғы ойын өте керемет болды. Әрине, жеңіс болған кезде әрқашан да керемет болады. Мәселе тек жеңіліс болғанда ғана. Сондықтан «Қайсарға» жеңістердің көп болуын тілеймін. Алладан олар осылай жалғастыра беруін тілеймін.

Бірақ қазіргі бапкерге сенбеймін. Бұл маман «Қайсарды» жетістікке жеткізіп, шыңға шығара алады дегенге сенбеймін. «Қайсар» бұдан да жақсы бапкерге лайық. Әлі күнге дейін айтатыным – команда Кумыковтан айырылды, бұл үлкен кемшілік болды. Онымен бірге «Қайсардың» барлық мүмкіндігі кетіп қалды. Балютовичтен айырылмау керек еді. Неше жыл дайындаған, шыңға көтеріп келе жатқан жерінен артқа қарай тайдырып жіберді. Жанкүйерлердің алдында да, клубтың алдында да үлкен бір проблеманы тілеп отыр», – деді Мұстафа.

ҚПЛ-дың оныншы турында «Тобылға» қарсы өткен матчта «қасқырлар» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді (2:1). Бұған дейін Қазақстан Кубогының 1/4 финалында дәл осы қарсыласты турнирден шығарып жіберген болатын (1:1, пен. бойынша 5:3).

Садық Мұстафа «Қайсарды» 2022-2025 жылдар аралығында басқарды. Оның тұсында команда Премьер-лигаға қайта оралды. Бүгінгі таңда экс-функционер облыстық мәслихаттың депутаты қызметін атқарады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8