«Ол кісі мұнда келіп, қазақ футболын түсінемін дегенше тағы бір жыл өтеді. Демек, бір жылды есептемей-ақ қойсақ та болады. Оның неліктен келгенін түсінбеймін. Мүмкін мен қателесіп отырған шығармын. Қазақстанда керемет жұмыс істеп кететін шығар, бәлкім.
Шетелден маман шақырған кезде басты проблемамыз – ол кісілердің келісімшарты халықаралық деңгейде қорғалады. Төрт жылға келді ме, демек сол уақыт біткенше жұмыс жасап, қыруар жалақыны алмай, кетпейді. Онымен неге төрт жылдық келісімшарт түзгенін түсіне алмадым.
Скотт Мунн «Тоттенхэмде» жұмыс жасаған. АПЛ-ды көріп жүрген адам ертең ҚПЛ-ды көрген кезде «шок» болады деп ойлаймын. Ол кісі «Тоттенхэмде» бір жыл ішінде жүз миллион еуроны игеріп жүрді. Енді келіп Қазақстан Премьер-лигасында өзгеріс жасайды дегенге сенбеймін», – деді Олжас Байбосын El Sport ютуб-арнасына берген сұхбатында.
2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті Скотт Энтони Муннды 2030 жылдың 12 шілдесіне дейін Бас хатшы қызметіне тағайындады.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.