Досжанов – футзал қауымдастығының қарызы жайлы: «Нұрсұлтан Құрманның қолында ешқандай билік жоқ»

Автор
Fonteam редактор
Автор
21.05.26, 04:00
ҚПЛ матчтарының трансляциясымен айналысатын BAS Production компаниясының продюсері Ақылбек Досжанов әлі күнге дейін Қазақстан футзал қауымдастығының қарызды төлемегінін айтты.
Досжанов – футзал қауымдастығының қарызы жайлы: «Нұрсұлтан Құрманның қолында ешқандай билік жоқ»
Сурет: ашық дереккөздерден

ҚПЛ матчтарының трансляциясымен айналысатын BAS Production компаниясының продюсері Ақылбек Досжанов әлі күнге дейін Қазақстан футзал қауымдастығының қарызды төлемегінін айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.

Қазақстан футзал қауымдастығы бастапқы екі айдың ғана ақшасын беріп, қалған бес айдың еңбекақысын төлемеді. Федерациядан екі рет кепілхат келді: біріншісінде 10 сәуірге дейін, екіншісінде 24 сәуірге дейін берешекті өтейміз деген. Бірақ сол күйі төленбеді. Нәтижесінде біздің жігіттер ойындарды түсіруден бас тартты.

Алдымен Нұрсұлтан Құрманға хабарластым. Кейін Бекжан Сафиновқа шықтым, онымен сөзіміз жараспады. Марат Омаровпен де сөйлестім, ол бәрін Сафиновқа сілтеді. Олардың бізбен дипломатиялық қарым-қатынасы дұрыс болмады. Біздің компания оларды сотқа бергенімен, федерациядан ешкім хабарласқан жоқ.

Федерациядағылар бізге «трансляцияны дұрыс түсірмедіңдер, VAR қоймадыңдар» деген күлкілі сылтауларды айтты. Келісімшартқа сәйкес, VAR плей-офф кезеңіндегі матчтарда ғана қойылады. Ал ол ойындар әлі басталған жоқ», – деді Досжанов Аман Тасығанға берген сұхбатында.

Сондай-ақ Ақылбек мырза Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрманның қолында ешқандай билік жоқ екенін ашық айтты:

«Федерациядағы адамдар: «Нұрсұлтан Құрманның техникадан хабары жоқ, келісімшартқа қол қояр кезде ештеңе білмеді, сондықтан оның қойған қолы жарамайды» деп айтты. Сонда футзал қауымдастығының президенті өз қолын не үшін қойып жатқанын білмейтін ауру адам ба? Олар Нұрсұлтанды осындай дәрежеге жеткізіп қойды. Бұл өте күлкілі нәрсе.

Нұрсұлтан бұл мәселені шеше алатын болса, баяғыда реттеп беретін еді. Бірақ оның қолында ештеңе болмай тұр. Бар мәселе басшылықта».

Қазақстан футзал қауымдастығының «BAS Production» алдындағы берешегі шамамен 110 миллион теңгені құрайды. ҚФФ аталмыш компаниямен келісімшартты бұзбай-ақ, плей-офф ойындарын түсіруді басқа компанияға сеніп тапсырған екен.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5