«Зеңбірекшілердің» 16 жастағы жартылай қорғаушысы Макс Доуман Англия Премьер-лигасы тарихындағы ең жас чемпион атанды.
Маусым аяқталған сәтте футболшы небәрі 16 жас 144 күндік болады.
Жас талант бұған дейін ең жас чемпион саналған «Манчестер Сити» ойыншысы Фил Фоденнің рекордын басып озды.
Доуман АПЛ чемпионына арналған алтын медальді ресми түрде алады. Себебі ол осы маусымда бес матчқа қатысып үлгерді - бұл марапатқа ие болу үшін қажетті ең төменгі көрсеткіш.
Макс Доуман биылғы маусымда бірнеше тарихи жетістікке қол жеткізді.
Қаңтар айында «Эвертонға» қарсы матчта ол 16 жас 73 күнінде гол соғып, АПЛ тарихындағы ең жас гол авторына айналды.
Сонымен қатар Доуман Премьер-лигада 15 жасында дебют жасап, «Арсеналдың» тағы бір түлегі Итан Нванериден кейінгі турнир тарихындағы ең жас екінші футболшы атанды.
Биылғы маусымда жартылай қорғаушы негізгі команда сапында 11 матч өткізіп, Чемпиондар лигасының ең жас дебютанты ретінде де тарихқа енді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.