«Жеңіске жету әрдайым жағымды, ал сол жеңіске тікелей үлес қосу – одан да керемет. Соңғы нәтижелеріміз – бапкерлер штабы мен команданың еңбегі: біз біртұтаспыз және финалдық ысқырық шалынғанша бір-біріміз үшін соңына дейін күресеміз. Әр турда осылай қайталанады», – деді нигериялық легионер.
Сонымен қатар, Одеоибо екі командаласының арасындағы текетірес туралы пікір білдірді:
«Коновалов пен Назымхановтың арасында ешқандай кек немесе реніш жоқ. Бұл, ең алдымен, клубтың мүддесін ойлайтын футболшылар үшін алаңда жиі болатын үйреншікті жағдай. Қазір бәріміз бұл сәтті ұмытып, алға қарай күлімдеп қадам басып жатырмыз», – деп толықтырды ол.
32 жастағы орталық қорғаушы Самюэль Одеоибо «Қызылжар» қақпасына гол соғып, «Алтайға» маусымдағы алғашқы жеңісін сыйлауға көмектесті. Қазіргі уақытта Вахид Масудовтың шәкірттері турнир кестесінде 13-орында тұр.
Матчтың 20-минутында қақпашы Иван Коновалов пен Абылайхан Назымханов өзара сөзге келіп қалған болатын. Ресейлік қақпашы командаласының қорғаныстағы ойынына көңілі толмайтынын білдірді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.