Бұған дейін шымкенттік клубтың амбассадоры Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желіде ойынға шетелдік төрешілер тағайындалатыны туралы ақпарат таратқан еді. Алайда бұл нұсқа әлі түпкілікті бекітілмеген. Қазіргі таңда федерацияда кездесуді қазақстандық төрешілер бригадасына сеніп тапсыру деген тағы бір нұсқа қарастырылып жатыр.
ҚПЛ-дың 12-туры аясындағы «Ордабасы» — «Қайрат» матчы 28 мамыр күні Шымкентте өтеді.