ҚПЛ экс-төрешісі: «Алтай» қақпасына пенальти белгіленбеген сәтте таңқалдым

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.05.26, 10:00
ҚПЛ-дың бұрынғы төрешісі әрі инспекторы Серік Қошқаров ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартиннің шеттетілуіне қатысты пікір білдірді.
ҚПЛ экс-төрешісі: «Алтай» қақпасына пенальти белгіленбеген сәтте таңқалдым
Сурет: ашық дереккөздерден

«Мартинге келетін болсақ – оның бас төрешімен нақты не туралы сөйлескенін білмейміз, сондықтан төрт матчтық дисквалификацияның қаншалықты әділ екенін айта алмаймын. Бірақ екінші таймның соңындағы пенальтиге қатысты айтар болсам – мен таңқалдым. «Алтай» қорғаушысы допты қолымен жанап өтті, бұл – 100 пайыздық пенальти. Ол құлап бара жатса да, қолымен доптың бағытын өзгертіп жіберді.

Төреші Искаков бастапқыда нүктені көрсетіп, дұрыс шешім қабылдаған еді. Алайда оны VAR төрешісі шақырып, нәтижесінде шешім өзгертілді», –деді Қошқаров.

Бұған дейін ҚФФ Төрелік ету және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Каштру осы эпизодты талдай келе, бұл сәтте он бір метрлік айып соққысын белгілеуге негіз болмағанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, матч қорытындысы бойынша «Ордабасы» бапкері Андрей Мартин ресми тұлғаларға қатысты агрессивті мінез-құлық көрсеткені үшін төрт ойынға шеттетілді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

15.05.26, 10:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11