Қазақстан футболының аңыз ойыншысы басшылық қызметке келді

Автор
Fonteam редактор
Автор
14.05.26, 09:09
Павлодарлық «Ертіс» клубында кадрлық өзгеріс болды.  
Қазақстан футболының аңыз ойыншысы басшылық қызметке келді
Сурет: ашық дереккөздерден

Павлодарлық «Ертіс» клубында кадрлық өзгеріс болды. Команданың жаңа президенті қызметіне қазақстандық футболға кеңінен танымал Мұрат Тілешев тағайындалды.

Клуб басшылығы бұл шешім «Ертістің» алдағы даму бағыты мен команданың әлеуетін күшейту мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

Мұрат Тілешев – қазақстандық футбол тарихындағы белгілі шабуылшылардың бірі. Ол кәсіби мансабында елдің тоғыз клубының намысын қорғап, бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар Премьер-лигада үздік сұрмерген атанып, отандық футболдағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі ретінде танылды.

Оның футболшылық жолындағы ерекше кезең павлодарлық «Ертіспен» байланысты. Тілешев клуб сапында төрт маусым ойнап, алғашқы жылы-ақ Қазақстан чемпионы атанды әрі маусымның үздік бомбардирі болды. Жалпы павлодарлық команда құрамында 143 матч өткізіп, 56 гол соққан.

Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін ол Қазақстан футбол федерациясында жұмыс істеп, кейін бірқатар клубта басшылық қызмет атқарды. Әр жылдары Шахтер, Астана, Тұран және Оқжетпес құрылымдарында еңбек етті.

Павлодарлық клуб жаңа басшының тәжірибесі мен футболдағы беделі команданың дамуына серпін беріп, «Ертістің» бұрынғы деңгейіне қайта көтерілуіне ықпал етеді деп сенеді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

14.05.26, 09:09

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11