Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Лионель Месси өзіне ұқсайтын жас футболшының есімін атады

Лионель Месси Ламин Ямаль туралы күтпеген пікір айтты.

 

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Лионель Месси өзіне ұқсайтын жас футболшының есімін атады
Коллаж

Лионель Месси қазіргі жас футболшылардың арасынан өзіне көбірек ұқсайтын ойыншыны атады. Аңыз шабуылшының пікірінше, бұл – Ламин Ямаль.

Қазір «Интер Майами» сапында өнер көрсететін аргентиналық жұлдыз жас таланттың болашағына жоғары баға берді.

«Егер бір футболшыны таңдау керек болса, оның жасын, осы уақытқа дейін жеткен деңгейін және алда күтіп тұрған болашағын ескерсек, бұл – Ламин Ямаль. Мен үшін ол қазіргі жас буынның ең үздік ойыншысы», – деді Лионель Месси Diario Sport басылымына берген сұхбатында.

18 жастағы Ламин Ямаль – Барселона академиясының түлегі. Ол негізгі команда сапында 2023 жылдың шілде айынан бері өнер көрсетіп келеді.

Биылғы маусымда жас шабуылшы барлық турнирде 45 матч өткізіп, 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген. Клубпен жасалған келісімшарты 2031 жылдың жазына дейін жарамды. Ал Transfermarkt порталы футболшының нарықтағы бағасын 200 миллион еуроға бағалап отыр.

Жуырда Ламин Ямаль Испания чемпионатының 33-туры аясындағы «Сельтаға» қарсы матчта жарақат алып қалған еді. Кейін Барселона оның маусымның қалған бөлігін өткізіп жіберетінін хабарлады. Дегенмен дәрігерлер футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін толық қалпына келеді деп күтуде.

Айта кетейік, Ламин Ямаль әлемдегі ең үздік жас футболшыға табысталатын беделді Trophy Kopa жүлдесін екі рет жеңіп алған.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz