Жапониялық легионер: Месси ойнаған клубтың ұсынысын бірден қабылдадым

Автор
Алихан Ибраев
Автор
12.05.26, 09:34
«Ертіс» клубының жартылай қорғаушысы Юси Симамура ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 18 жасында Аргентинаның «Ньюэллс Олд Бойз» клубымен қалай келісімшартқа отырғанын айтып берді.
Жапониялық легионер: Месси ойнаған клубтың ұсынысын бірден қабылдадым
Сурет: ашық дереккөздерден

«Жас кезімде Жапонияда ойнап жүргенмін. Бір күні Аргентинамен байланысы бар агент осындай мүмкіндік ұсынды. Еш ойланбастан келістім. Себебі «Ньюэллс» клубы Мессимен тікелей байланысты, ал Росарио – оның туған қаласы. Әрине, бұл маған ерекше әсер қалдырды.

Оңтүстік Америкадағы тәжірибе мені шыңдады. Тіпті, футболдың негізін сол жақта үйрендім десем, артық айтқаным емес. Бұл өмірімдегі маңызды кезең болды. Ең қатты таңғалдырғаны – түнде атылған оқ дауыстары еді, сондай кезде ұйықтаудың өзі қиынға соқты», – деді Симамура.

26 жастағы Юси Симамура «Ертіс» клубына наурыз айында Словакияның «Михаловце» командасынан ауысып келді. Қазақстан Премьер-лигасындағы төрт матчта бір гол соғып, бір пенальти алып берді.

«Ньюэллс Олд Бойз» – Аргентинадағы танымал клубтардың бірі. Дәл осы командада сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси кәсіби мансабын бастаған. Клубтың вице-президенті Хуан Мануэль Мединаның айтуынша, басшылық шабуылшыны 2027 жылы қайта қатарға қосу үшін жұмыс істеп жатыр.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8