23 жастағы украиналық футболшы осы маусым аяқталғаннан кейін белградтық ұжымға ауысуы мүмкін. Өткен қыста қорғаушыға «Ақтөбе» тарапынан үлкен қызығушылық болғанымен, сол уақытта теріскейлік клуб басшылығы трансферден бас тартқан еді.
Биылғы маусымда Козленко петропавлдық клуб сапында тоғыз матч өткізіп, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
«Қызылжар» ойыншыға екі жылдық жаңа келісімшарт ұсынған, бірақ футболшының тарапы бұл ұсынысты қабылдамады. Осылайша, 2026 жылғы маусымның соңында Козленко еркін агент мәртебесінде жаңа клубқа ауысуы мүмкін.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.