Қазақстан құрамасының бұрынғы формасын жасаушы: мұны 2010 жылдары көргенбіз

Автор
Fonteam редактор
Автор
12.05.26, 04:02
Қазақстан құрамасының өткен маусымдардағы формаларының дизайнері әрі жасап шығарушыларының бірі Нұрлыбек Бухпин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында команданың жаңа экипировкасы туралы ойын айтты.
Қазақстан құрамасының бұрынғы формасын жасаушы: мұны 2010 жылдары көргенбіз
ҚФФ

Қазақстан құрамасының өткен маусымдардағы формаларының дизайнері әрі жасап шығарушыларының бірі Нұрлыбек Бухпин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында команданың жаңа экипировкасы туралы ойын айтты.

Жаңа форма – ескінің қайталануы

«Бұл – Adidas-тың стандартты шаблонды формасы, оған баға берудің еш мәні жоқ. Мұндай дүниені 2010 жылдардың басында да көруге болатын еді. Errea ұсынған бірегей дизайнынан кейін мұндай шешімді қабылдау қиынырақ.

Шақпақ өрнектерге қарап, елде Хорватиямен ассоциация пайда болады деп ойламаймын, өйткені ойын кезінде ол байқалмайды. Дегенмен, матаның бір түсті емес, қандай да бір текстурасы бар болғаны қуантады».

Errea > Adidas?

«Мен өткен маусымдағы жиынтықты жасап шығарған команданың құрамында болдым, бірақ бұл жолы ҚФФ тарапынан хабарласқан ешкім болмады. Неге Adidas креативке мүмкіндік бермеді дейсіз бе? Мәселе брендте емес – форма UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында жасалған. Бұл бағдарлама «кіші» және «орташа» ұйымдарға тегін шаблондармен көмектеседі.

Adidas бұл бастамаға баяғыда қосылған, ал Errea өз бетінше эксклюзив ұсынған болатын», – деп түсіндірді отандық дизайнер.

Еске салайық, ұлттық құраманың жаңа экипировкасы жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Ешқандай ерекшелігі жоқ бұл форма 15 жыл бұрынғы тұжырымдаманы еске түсіреді.

Қазақстан құрамасы жаңартылған формада алғаш рет маусым айында Армения және Венгрияға қарсы жолдастық кездесулерде өнер көрсетеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5