Өскеменнің «Алтайы» мен Шымкенттің «Ордабасысы» Қазақстан Премьер-Лигасының тоғызыншы туры аясында кездесті.
Матч «Восток» стадионында өтті. Ойынға Астанадан келген Марат Искаков бастаған төрешілер бригадасы қазылық етті.
Командалардың бастапқы құрамдары:
«Алтай»: Коновалов, Горшунов, Кенжегулов, Мичевич, Одеоибо, Шмидт, Ямбор, Назымханов, Дадаев, Попов, Стойсавлевич;
«Ордабасы»: Шайзада, Антич, Малый, Килама, Астанов, Капацина, Аманович, Абагна, Амир, Астанов, Митков.
Шымкенттік клуб допқа көбірек иелік еткеніне қарамастан, қауіпті сәттер саны шамалас болды. Нәтижесінде екі команда да гол соға алмай, матч 0:0 есебімен аяқталды.
Осы ойыннан кейін «Ордабасының» еншісінде 19 ұпай бар және команда турнирлік кестеде екінші орында тұр. Ал «Алтай» бес ұпаймен соңғы сатыда қалды.
«Алтай» — «Ордабасы» 0:0.