«Бізде қақпашылармен жұмыс істейтін екі бапкер бар, мен олардың ісіне араласпаймын. Кімнің алаңға шығатыны туралы ақпаратты ойын қарсаңында ғана аламын. Бұл – олардың таңдауы, мен оларға толықтай сенемін», – деп атап өтті белоруссиялық маман.
«Кімді де болсын жеке дара бөліп жарғым келмейді, себебі жеңіс – бүкіл ұжымның еңбегі. Біздің бапкерлер штабы Жасұланның атқарып жатқан жұмысына тәнті. Ол ілгерілеп келеді, бірақ құрамаға кіру үшін бұдан да көп еңбек ету керек. Қол жеткізген жетістікпен тоқтап қалмасын. Жалпы, оның жұмысқа деген ынтасымен құрамаға шақырту алыс емес».
«Қалай болғанда да, дін аман, киім ауыстыратын бөлмеде бізбен бірге қуанып жатыр (күледі). Әрине, Наурызбек бізбен бірге секіріп секірмесе де, дені сау. Оның қолының жағдайы туралы толығырақ кейінірек белгілі болады».
Еске сала кетейік, ҚПЛ-дың тоғызыншы турында қостанайлықтар 25 жастағы шабуылшы Урош Миловановичтің голының арқасында «Ертісті» қапы қалдырды. Бұл жеңіліс қонақтар үшін қатарынан алтыншы сәтсіздік болды.
Ойынның 89-минутында «Тобыл» қорғаушысы Наурызбек Жагоров Даниил Нырковпен қақтығысып, алаң сыртындағы бортқа құлаған еді. Алдын ала болжам бойынша, футболшы білегін жарақаттап алған.