Тәжірибелі жартылай қорғаушының голды тойлау сәті әлеуметтік желілерде қызу талқыланды – көптеген жанкүйерлер бұл ишара қарсылас команданың бас бапкеріне бағытталған деп есептеді.
«Ол қимылыммен ешкімді ренжіткім келген жоқ, эмоциямен жай ғана солай шығып кетті. Әли Әлиев пе? Оның бұл жерде еш қатысы жоқ, мен ол кісіні сыйлаймын», – деді Мужиков.
Алматыдағы «Хан-Тенгри» стадионында өткен ҚПЛ-дың тоғызыншы тур кездесуі голға бай болды. Бірінші таймда-ақ командалар төрт гол соқты: Адилио мен Имнадзенің соққыларына талдықорғандықтар Әнуарбековтың дәлдігімен және Мужиковтың алыстан бағыттаған жойқын голымен жауап берді.
Екінші таймда Исламбек Қуат айып соққысын орындап (Подымскийдің жанасуынан кейін), «Жеңіске» жеңіс сыйлады – 3:2.
36 жастағы Мужиков ҚПЛ-ның биылғы маусымында тоғыз матч өткізіп, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушының еншісінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өткізген 29 ойын бар.